$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Түркістан тұрғыны 40 жасында үшем босанды

AstanaTV
04.04.2024ж. 19:31
547
Түркістан тұрғыны 40 жасында үшем босанды

Үш ұлға туыстары Нариман, Нұриман және Нұрман есімдерін қойды.

Бәйдібек ауданының 40 жастағы тұрғыны, көпбалалы ана Жансауле Доспанова үш ұлды дүниеге алып келді. Қазіргі таңда мерзімінен бұрын туған сәбилердің жағдайы қалыпты. Нәрестелерге жансақтау бөлімінің мамандары тарапынан да ерекше күтім жасалған.

Жансауле Доспанова үшем босанатынын алғаш естіген кезде қатты қобалжығанын айтады. Ал, кейіннен дәрігерлер кесарь тілігі арқылы ота жасаған.

«Күтпеген жерден дәрігерге қаралып, үшемді болатынымды естігенде басқаша сезімде болдым. Жалпы, 5 балалы болған соң, сәбилі болуды жоспарламағанбыз», - дейді ол.

Үшемдерге туыстары Нариман, Нұриман және Нұрман есімдерін қойды.

Айта кетейік, Түркістан облысының №2 перинаталдық орталығында 2024 жылы 24 егіз бен 1 үшем дүниеге келді.