$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Шымкенттік коллекционердің мұражайында көне кілемдер мен төсеніштің түр-түрін көруге болады

Шымкенттік коллекционердің мұражайында көне кілемдер мен төсеніштің түр-түрін көруге болады

Шымкент тұрғыны өзі тұратын үйдің жертөлесінен ерекше мұражай ашты. Онда қазақтың қолөнері -кілем, алаша, тұскиіздердің түр-түрі қойылған. Ұлттық құндылықтарды көзінің қарашығындай сақтап жүрген Дана Бектаеваның коллекциясында көне кілемдердің мыңға жуық түрі бар. Алды 19-ғасырдан жеткен. Эксклюзив жәдігерлер де кездеседі.

Коллекционер Дана Бектаева көне кілемдерді сақтап қана қоймай, келушілерге оның тарихын да тәптіштеп баяндап беруден жалықпайды. Әр ою, әр кесін, әр бедер қандай мән-мағына беретінін терең зерттеуші бұл кілемнің өткен ғасырдың қырқыншы жылдары тоқылғанын айтады. Ондағы ою-өрнек бірнеше ғасырдың тарихынан сыр шертіп тұр. Кілемге түскен әрбір кескін түсіне білген адамға терең білім,- дейді Дана.

Осы кілемнің бетінде шумердің мифологиясы шығып тұр. Өйткені олардың батырлары Елгемеш деген ол тау жаққа барған. Міне екі тау тұр. Сол кезде сол жерге барғанда әкесінің артынан оған шаян адамдар кездескен сол жерде. Міне «шаянгүл» дейді қазақтар.

Қазақтың қаршадай қызы қазақтың төл өнері, қолөнері өлмесе, өшпесе екен дейді. Тым болмаса бүгінгі қоғам көненің көзін көріп, ұмытпаса деген мақсатта өзі тұратын көпқабатты үйдің жертөлесінен екі бөлмені ыңғайлап қойыпты. Расында бүгінде мұндай көне дүниені іздеп табудың өзі сирек. Қолдан тоқылатын кілем, алаша секілді дүниелер мүлдем жойылып, тіпті ұмыт қалып барады.

Құралбек КЕРІМБЕКОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Не деген керемет нәрсе. Мына жерге кірсең бұрынғы өзіміздің кішкентай балалықтарымыз есімізге түсіп жатыр. Мынау алашалар мысалыға бізде қабырғада ілініп тұратын. Дуалға іліп қойып... онан кейін мына кілемдерді өзіміз де кішкентай қыздардың қасында отырып , тоқып отырушы едік уақытысында..

Назира МЫРЗАХАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

 Баяғыда өзіміз қызығып осыған жүгіретін едік, кілемге барып, қызығып, тоқып келер едік үйге. Жастық уақытта әлі де қызығып жатырмыз, осыны қызығып, көрейінші деп келдім.

Коллекционердің қоржынында бүгінде мыңға жуық кілем түрі, алашалар, тіпті киіз үйдің басқұрларына дейін бар. Әрқайсысы -бір тарих

Дана БЕКТАЕВА, КОЛЛЕКЦИОНЕР, ЗЕРТТЕУШІ:

Мақсатым – осы қазақтың өнерін ел танысын деп жатырмында, жертөледе осы мұражайды аштым. Ұазақтың өнері, пәлсапасы өте терең. Көрсін ел, білсін. Рухани байлықты сақтап отырмын. И елге оны беруім керек.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

 Жертөледегі мұражайда тұскиіздердің де түр-түрі сақталған. Ал мұнда жүкаяқтар, өзіндік ою-өрнегімен ерекшеленеді. Тіпті 19 ғасырдан бері жеткен асадал да күні бүгінге дейін сақталған. Коллекционер мұның барлығын еліміздің түкпір-түкпірінен аттай қалап, сатып алатынын айтады.

Кілемнің көпшілігі соншалық оны қоятын орын жоқ. Сондықтан коллекционер көпқабатты үйдің ауласын да кілемнің суреттерімен көмкеріп қойған.