Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

ҚР Ұлттық музейінің 10 жылдығына орай «Дала кескіндемісі: Рәміздер, Бояулар, Бейнелер» атты көрме ашылды

05.04.2024ж. 20:00
232
ҚР Ұлттық музейінің 10 жылдығына орай  «Дала кескіндемісі: Рәміздер, Бояулар, Бейнелер» атты көрме ашылды

Ұлттық музейге 10 жыл. Осыған орай «Дала кескіндемесі: Рәміздер, Бояулар, Бейнелер» атты көрме ашылды. Ол Ұлттық музейдің қорынан жинақталған. Көрмеге көркемсурет туындылары, гобелендермен қатар дәстүрлі қолөнер, зергерлік және тоқымашылық өнер бұйымдары, музыкалық аспаптар қойылды. Қонақтар танымал өнер шеберлерінің жұмыстары, сондай-ақ жас авторлардың заманауи туындыларымен таныса алады.

Айбек СЫДЫҚОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Көрмеге ұлттық музейдің жауқарлары қойылып отыр.156 қылқалам шебері мен 200 ден астам жұмыстары қалың көпшілік назарына ұсынылып отыр.Көрменің мақсаты қазақ бейнелеу өнерінің тарихын даму үдерісін көрсету.

Аударма Ольга БАТУРИНА , КӨРМЕ КУРАТОРЫ 

Қазір біз тұрған зал – бабалар рухы мен дала әуені деп аталады.Себебі екеуі бір-бірімен тығыз байланысты. Қазақ өнері әуен сияқты сазды ырғақтан тұрады. Даланың өзіндей сабырлы, салтанатты, тартымды болғандықтан дала әуені деп атадық. Өйткені, ұлттық өнердің ең талғампазы – музыка. Сондықтан қазақ кескіндемесінің қай шығармасында да музыкалық сезім сезіледі.