Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

"Өмірбек Байгелдіұлы - егемендіктің берік іргетасын қаласқан тұғырлы тұлға", - М. Әшімбаев

05.04.2024ж. 20:00
447
"Өмірбек Байгелдіұлы - егемендіктің берік іргетасын қаласқан тұғырлы тұлға", - М. Әшімбаев

Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында еліміздің тұңғыш Сенат спикері Өмірбек Байгелдіұлын ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Қаралы жиында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңіл айту жеделхатын оқып берді. Өз сөзінде Мәулен Әшімбаев Өмірбек Байгелдінің жан-жақты және азаматтық ұстанымы берік тұлға болғанын атап өтті. Ол ұлттық парламентаризмнің қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосты. Өмірбек Байгелді Парламент Сенатында қызмет атқарған кезеңде қабылданған заңдар Қазақстанның мемлекеттілігі мен Тәуелсіздігін нығайтуға тікелей әсер еткені анық. Палата Спикері осы істің бәрінде қайраткер тұлға нағыз отаншылдықтың, ұлтқа қызмет етудің озық үлгісін көрсетті деді.

Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Парламент сенатының тұңғыш төрағасы, "Отан" орденінің иегері, академик Өмірбек Байгелдіұлын дүниеден өтуіне байланысты қайғыра көңіл айтамын. Өмірбек Байгелдіұлы егемендіктің берік іргетасын қаласқан тұғырлы тұлға. Отанымыздың дамуына қажырлы еңбек сіңірген ұлтжанды азамат болды. ҚР Парламентінің құрылуына зор үлес қосты. Соңынан жарқын із қалдырған Өмірбек Байгелдіұлының есімі мен бейнесі халқымыздың жадында мәңгі сақталады. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.