Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Ақтау 2025 жылы түркі әлемінің астанасы болады

Ақтау 2025 жылы түркі әлемінің астанасы болады

Ақтау 2025 жылы түркі әлемінің астанасы болады. Елімізге іссапармен келген ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Сұлтан РАЕВ Маңғыстау облысына барды. Аймақ басшысымен келер жылы өтетін ірі мәдени шараны талқылады.

Ақтау түрлі мәдени іс-шаралардың орталығы. Өңірді түркі әлемінің астанасына айналдыру туралы шешім өткен жылы Әзербайжан мемлекетінде өткен Түркі мәдениеті мен өнерін дамыту жөніндегі халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымына мүше мемлекеттердің 40-шы отырысында қабылданған болатын. Бұл қалада қазірдің өзінде түрлі мәдени және спорттық шараларды өткізуге қызу дайындық жүріп жатыр.

Сұлтан РАЕВ, ТҮРКІСОЙ ҰЙЫМЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫ:

Ақтаудың түркі дүниесінің астанасы болуға мәдени де, моральді де хақы бар. Барлық потенциалы бар. Тарихы да бар, тағдыры да бар. Бүгінгі экономикасы да бар, тарихи жерлері де бар, сокральды жерлері бар. Жалпы түрік дүниесінде мәдени астана болуға құқығы бар шаралардың бірі деп айтар едім.

Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев қонақтарды қабылдап, мұндай шараны жоғары деңгейде ұйымдастыру облыс үшін үлкен мәртебе екенін баса айтты.

Нұрлан НОҒАЕВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Ақтау қаласының Түркі әлеменің астанасы болып таңдап алынуы бұл біз үшін үлкен мәртебе. Түркі әлеменің мәдениетін көрсететін үлкен мүмкіншілік. Ақсақалдарымыз, қоғам барлығы қолдайды бұл жерде. Біз өзіміздің қазақ халқының дәстүрін өңірдің мүмкіншіліктерін салыстыра отырып, ресми азаматтар, олармен болған отырыстардың барлығы біз үшін маңызды. Келген қонақты күтетіндей, бізде бар мүмкіншілігіміз бар. Ең басты бізде ниет бар, жақсы жасаймыз деген.

Маңғыстау өңірі Бозжыра, Ыбықты және басқа да киелі мекендер мен көрікті жерлерге бай. Сондықтан келер жылы өтетін мәдени шара туристердің санын арттыра түспек.