Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Алматыдан 4 өңірге гуманитарлық көмек жіберілді

AstanaTV
05.04.2024ж. 15:07
333
Алматыдан 4 өңірге гуманитарлық көмек жіберілді

Алматыдағы "Алтын Орда" әмбебап сауда кешенінің кәсіпкерлері мен ұжымы тасқыннан зардап шеккен аймақ тұрғындарына гуманитарлық көмек жіберді. 

Көмек Ақтөбе, Қостанай облыстарының, Торғай даласының, Амангелді өңірлерінің су басқан елдімекендеріне жеткізіледі.  

"Базарда кәсібімді дөңгелетіп отырғаныма жиырма жылдай уақыт болды. Осы аралықта біздің ұжым әкімшілікпен бірігіп талай игі істерге атсалысты. Табиғат апатынан жапа шеккен еліміздің әр түкпіріндегі бауырларымызға көмек қолын сөзу – парызымыз деп білемін. Қасиетті Рамазан айында, бүгінгі Қадір түні алдында жария садақа деп көмек қолын созып жатырмыз", - деді сауда кешенінің кәсіпкері Салтанат Беделқызы.

Көмектің жалпы көлемі 3 үлкен жүк көлігі мен   30 тоннаға жуық 1 газель болды. Логистикалық шығындарды нарық әкімшілігі де қолдады.