Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Зардап шеккендерге бизнес өкілдері көмек қолын созды

AstanaTV
05.04.2024ж. 15:47
437
Зардап шеккендерге бизнес өкілдері көмек қолын созды

Бизнес өкілдері   жұмылып тасқын басталған күннен бастап, қолдан келгенше көмек қолын созып жатыр. Зардап шеккен тұрғындарды қолдауға қайырымдылық көмек ретінде Жандос Әлиұлы Оразов, Қожасбай Ерлан Сәдуақасұлы бастаған кәсіп иелері мен серіктестері 100 млн теңгені "Демеу Қазақстан қоры" корпоративтік қорына аударуды бастады.

"Біз миллиондаған отандастарымызбен бірге су тасқынынан зардап шеккендерге және мүлкінен айырылғандарға шын жүректен жанашырлық танытамыз. Біздің қаржылық қолдаудың үлесі, ең болмағанда, олардың ауыртпалығын жеңілдетуге көмектеседі деп үміттенеміз, бұл бірінші қажеттілікке қажетті заттарды сатып алуға және осы қиын кезеңдерден өтуге көмектеседі", – деді Ерлан Қожасбаев.