$474.83 €515.38 ₽5.5
×

ШҚО-дағы ғалыми зертханалар жасаған талдамаларға Қытай инвесторлары қызығушылық танытып отыр

AstanaTV
03.03.2016ж. 20:00
1473
ШҚО-дағы ғалыми зертханалар жасаған талдамаларға Қытай инвесторлары қызығушылық танытып отыр

Қытайлық инвесторлар Шығыс Қазақстан облысындағы ғылыми жобалаларға қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы бүгін Өскеменде екі елдің іскер азаматтарымен өткен кездесуде белгілі болды. Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономды аумағының бизнесмендерімен жобалар жекелей талқыланған жоқ. Сондықтан әзірге инвестиция көлемі де нақтыланбаған. 

 Чин Ган, Халықаралық компания президентінің орынбасары (ҚХР):

 Ғылыми мәселелер бізге қызықты, өйткені, 21- ғасырда ешкім ғылымсыз дами алмайды. Менің ойымша Жасыл энергетика өте маңызды дүние. Металл өндірісі мен медицина бағытында да жаңалықтар сіздерде айтарлықтай екен.

 Шығыс қазақстандықтар, аспан асты елінен келген әріптестеріне бірден бірнеше жобаны қаржыландыруды ұсынды. Олардың арасында жер асты кенін өндіру мен Бұқтырма суқоймасы арқылы өтетін көпірдің құрылысы бар. Алдағы мамырда кейбір жобалар бойынша екіжақты келісім-шартқа қол қояды деп күтіледі. Оның ішінде мыс өндеу де бар. 

Нұрлан Мусин, ШҚО Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының жетекшісі: 

 Қытайда әлемдегі ең ірі заманауи трансформатор зауыты бар. Олар мысты сатып алып ,осында құрастырмалы және техникалық бөлшектер  шығаруды көздеп отыр. Зауыт үшін біздегі мыс негізгі өнім болмақ .   


Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ