Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Батыс Қазақстан облысында 375 отбасына біржолғы қаржылай көмек көрсетілді

AstanaTV
05.04.2024ж. 16:17
369
Батыс Қазақстан облысында 375 отбасына біржолғы қаржылай көмек көрсетілді

Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен жанұяларға 184 мың 600 теңге, яғни 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек көрсетіліп жатыр. Күні бүгін 375 отбасының есепшотына 69 миллион теңге түсті. Атаулы әлеуметтік көмек 17 отбасыға тағайындалған. 

Арнайы комиссия қазір жұмыс істеп жатыр. Олар тұрғындардан үй-жай, қора-қопсы, дүние-мүлік пен төрт түлікке келген шығынды өтеу жөнінде өтінім қабылдауда. Қажетті қаржы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған облыс әкімдігінің резервінен жұмсалмақ.

 - Тізімдерін күн сайын жинақтап отырмыз қанша отбасы зардап шеккенін. Күн сайын қосылып жатыр. Анықталып жатыр. Кешегі 1171 отбасы. Соның қазір 375 отбасына аударылды. Себебі айтқандай өтініштерін алып, акт жасалады ғой әр отбасына. Бұл материалдық көмек, күнделікті қажетіне берілетін көмек қой. Бұл үйінің құнын, зардап шеккен заттарына қарамайды. Тек қана әлеуметтік төлем,-дейді әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Дәлдаш  Ысқақова.