Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

БҚО-да су тасқыны жағдайына байланысты оқу процестері тоқтамайды

AstanaTV
05.04.2024ж. 21:05
270
БҚО-да су тасқыны жағдайына байланысты оқу процестері тоқтамайды

Батыс Қазақстан облысында су тасқынына байланысты оқушылардың білім алуы біраз тұрғынды алаңдатты. Алайда, оқу процесі тоқтамады, кей мектептерде қашықтан оқыту әдісі бойынша жүйелі жұмыстар атқарылса, кейбірінде балалар дәстүрлі оқыту бойынша білім алып жатыр. Білім сапасы төмендемейді.

БҚО әкімдігінің мәліметінше, қазіргі таңда өңірде су тасқынынан зардап шеккен ауылдардағы 13 мектепте 4 132 оқушы қашықтан білім алуда. Соның ішінде Бөрлі ауданында 2 мектеп және Теректі ауданында 8 мектеп аталған қашықтан оқыту форматында жұмыс істеп жатыр.

Қаратөбе ауданындағы 104 оқушыға сабақ аудан орталығындағы дәстүрлі оқыту форматында жүріп жатыр. Сонымен қатар Бөрлі ауданындағы Ақсу ауылынан 66 бала Ақсай қаласындағы №5 мектеп жанындағы интернатында жатып білім алуда. Биыл сәуір айының 1-інен бастап облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының оқушыларына күнделікті сабақ облыстық мектеп-лицей-интернатында жүргізілуде.