Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Шыңжаңда Ораза айтқа 1 күн демалыс және автокөліктерге жеңілдік беріледі

AstanaTV
05.04.2024ж. 23:15
298
Шыңжаңда Ораза айтқа 1 күн демалыс және автокөліктерге жеңілдік беріледі

Шыңжаңда келесі сәрсенбі күні Ораза айтқа 1 күн демалыс беріледі және жеңіл автокөліктер ақылы жолдардағы төлемнен босатылады, деп хабарлайды Қытайдың «Орталық халық радиосы».

Аталған БАҚ-тың келтірген деректеріне сүйенсек, ҚХР Шыңжаң Ұйғыр автономялы өлкелік халық үкіметі кеңсесінің 2024 жылғы мерекелік демалыс күндерін орналастыруы бойынша, 10 сәуір күні Ораза айтқа 1 күн демалыс берілмек. Сонымен қатар 10 сәуір күні сағат 00:00-ден 24:00-ге дейін өлке ішінде ақылы жолдарда 7 және одан аз орындық автокөліктер тегін жүре алады.