Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

"Телефоны өшіп қалған": тасқыннан қорғану үшін шатырға шыққан батысқазақстандық құтқарылды

AstanaTV
06.04.2024ж. 00:19
388
"Телефоны өшіп қалған": тасқыннан қорғану үшін шатырға шыққан батысқазақстандық құтқарылды

Су тасқынынан қорғанам деп үйдің шатырында қалып қойған Батыс Қазақстан облысының тұрғынына құтқарушылар мен полицейлер көмектесті. Ол қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның ақпараттық медиа-порталының мәліметінше, кеше, 4 сәуірде су басқан "Вымпель" саяжайының тұрғыны үйінің шатырына шығып кеткен. Оны Зашаған полиция бөлімінің қызметкерлері құтқарып қалды.

"Ер адамның әйелі саяжай қоғамының төрағасына хабарласып, күйеуіне хабарласа алмай қалғанын айтты. Саяжай қоғамының төрағасы осы аумақта қызмет ететін учаскелік полиция қызметкеріне телефон соқты", - деп хабарлады ІІМ өкілдері.

Учаскелік аға инспектор Дидар Өтепов дереу оқиға орнына барған. Құтқарушылар мен полицейлердің жедел әрекетінің нәтижесінде ер адам аман қалды.

"Ол саяжайда екі күн болғаны белгілі болды, содан кейін телефоны өшіп, әйелі дабыл қаққан", - делінген хабарламада.

Құтқарушылар тұрғыны шатырдан түсіріп, қайықпен жағаға әкелген. Деркүл ауылында орналасқан эвакуация пунктіне жеткізілді. 2 сәуірде Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдай жарияланды. Сол күні саяжай тұрғындарын эвакуациялау басталған болатын.