Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Фристайл-могулдан Италияда өтіп жатқан жарыста отандасымыз тағы бір медаль жеңіп алды

AstanaTV
06.04.2024ж. 19:58
200
Фристайл-могулдан Италияда өтіп жатқан жарыста отандасымыз тағы бір медаль жеңіп алды

Фристайл-могулдан Италияда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында отандасымыз Анастасия Городко өзінің екінші медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комиетінің хабарлауынша, спортшы параллельді могулдан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. 

Финалда ол америкалық Кайл Кариотиске есе жіберді. 

Осылайша, Городко осыдан екі жыл бұрынғы жетістігін тағы қайталап, әлем чемпионатында алған жүлделер санын төртке жеткізді. 

2022 жылғы чемпионатта қазақстандық спортшы параллельді могулдан алтын, жекелей сында күміс медаль алған еді.