Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Ақпараттық штаб құрылды

AstanaTV
06.04.2024ж. 18:57
229
Ақпараттық штаб құрылды

Су тасқынына қатысты қазіргі ахуал туралы ақпарат тарату үшін Орталық коммуникациялар қызметінде Республикалық ақпараттық штаб құрылған. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин телеграмм каналында мәлімдеді.

Бұл штаб БАҚ өкілдерін құзырлы органдардан түскен мәліметпен тәулік бойы қамтамасыз етеді. Бүгіннен бастап Төтенше жағдайлар, Қорғаныс, Ішкі істер министрліктері, Казгидромет және басқа да мекеме өкілдерінің қатысуымен қосымша онлайн брифингтер ұйымдастырылады. Төтенше жағдай жарияланған 10 аймақтан жергілікті штабтармен он-лайн брифингтер жоспарланып отыр. «24kz» телеарнасының эфирлік уақыты Республикалық ақпараттық штабтың жұмысымен үйлестіріліп, брифингтерден тікелей хабар таратылады. Бұдан бөлек, телеарнадағы жаңалықтардың эфирге шығу жиілігі артып, су тасқынымен күресу және оның салдарын жою, құтқару қызметтерінің, волонтерлік ұйымдардың және басқа да азаматтардың бірлескен жұмысы, зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек жинап жеткізу барысы туралы тұрақты ақпарат берілетін болады.