Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Су тасқынынан 80 мыңға жуық адам құтқарылды

08.04.2024ж. 20:00
330
Су тасқынынан 80 мыңға жуық адам құтқарылды

Су тасқынынан 80 мыңға жуық адам құтқарылды. Оның 30 мыңы – бала. Ал, уақытша орналастыру пунктеріне 8 мыңға жуық адам орналастырылды. Төтеншеліктер қазір 8 млн текше метрден астам суды тартып, 996 мың тонна инертті материал мен мың қапшық төселді, - дейді. Авариялық-құтқару жұмыстарына 16 мыңға жуық тұрғын және 3 мыңнан астам техника, 6 әуе кемесі жұмылдырылған.

Ерасыл САЙПАШ, ҚР ТЖМ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖӘНЕ ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕР КОМИТЕТІНІҢ АҒА ОФИЦЕРІ:
Қазіргі уақытта 3 412 жеке тұрғын үй, 421 аула аумағы және 7 облыста 1926 саяжай үйі су астында қалып отыр. Бұл Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары.
Полиция да күшейтілген тәртіппен жұмыс істеп жатыр. Күн сайын 20 мыңнан астам қызметкер құқықтық тәртіпті қорғауды қамтамасыз етеді. Авариялық-құтқару іс-шараларына 4 мыңнан астам маман тартылған. Қазір полиция қарауында 9 мыңнан астам нысан бар.

Ақтоты БОРАНОВА, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Жедел штабтар тәулік бойы жұмыс істеуде. Күн сайын 20 мыңнан аса қызметкер қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде. Полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері бірлескен авариялық-құтқару операцияларына қатысуда.