Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

"Эпизоотиялық жағдай тұрақты",-ветеринар

08.04.2024ж. 20:00
309
"Эпизоотиялық жағдай тұрақты",-ветеринар

Батыс Қазақстан облысындағы су тасқынынан өлген төрт түлік саны екі мыңнан асты. Дегенмен бұл әлі нақтыланады. Өйткені кейбір елдімекенде су әлі қайтпаған, ал енді бірімен әзірге қатынас жоқ. Қазір аудандарда құрылған арнайы комиссиялар шығынды анықтап жатыр. Тұрғындар малы өлгенін бір күннің ішінде жергілікті ветеринарға хабарлауы тиіс. Бұдан кейін өлексе актіленіп, жойылады. Су басқан аумақта таралуы мүмкін ауруды болдырмау үшін мал дәрігерлері үй жануарларын бақылауға алған. Енді судан аман қалған төрт түлікті қоздырғышы топырақта сақталатын қатерлі індетке қарсы егу көзделіп отыр. Бүгінде су басқан аумақтан үш мыңға тарта мал айдалып, қауіпсіз жерге шығарылған.

Нұрқайыр ҚҰСАЙЫНОВ, БҚО ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Су басу орын алған аймақтарда эпизоотиялық жағдай тұрақты. Мал аурулары тіркеліп отырған жоқ. Ауданда шығынға ұшыраған жануарлардың өлескелерін жою жұмыстары басталды. Бүгінгі күнде 115 бас ірі қара, 1246 бас ұсақ мал, 23 жылқы, 81 үй құстарының өлекселері өртеліп, арнайы қазылған траншеяларға көмілді.