$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Атыраудағы Жайық жағасын бекіту жұмысына аманаттықтар да жауапты

08.04.2024ж. 20:00
439
Атыраудағы Жайық жағасын бекіту жұмысына аманаттықтар да жауапты

Аманаттықтар қолға күрек алды. Атыраудағы 105 учаскенің 7-еуінің жаға бекіту жұмыстарына «AMANAT» партиясынан сайланған жергілікті мәслихат депутаттары жауапты. Барлығы 21,2 шақырым бөгетті биіктетуді ұйымдастырып, басы-қасында жүр. {КСМ:} Қазір бұл аумақтарда 1100 адам жұмыс істеуде. Олардың уақытында тамақтануы, техникалармен қамтылуы да назарда. «Халық» қоры 90 тонна жанар-жағар маймен көмектескен. Облыс аумағына үлкен су келген кезде тосқауыл қою үшін арнайы техника иелерімен де келісіп қойған. Бұл ретте атыраулықтардың белсенділігі жоғары,- дейді партияның хатшысы Эльдар Жұмағазиев. Мәселен, Зарослый елді-мекеніндегі жағалауда еріктілер бір түнде 4 мың қапты топырақпен толтырған. {СНХ}

Эльдар ЖҰМАҒАЗИЕВ, « AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Бұл жерде жоспарлау мәселесі мен жауапкершілік мәселесін көтеруге болады ғой деп есептеймін. Жоспарланды ма, жоспарланған жоқ па? Екінші мәселе жауапкершілік мәселесі: оның ішінде әкімдерге байланысты жергілікті атқарушы органдарға байланысты критика айтылып жатыр. Бірақ менің ойымша, аудандық, қалалық облыстық мәслихаттардың да рөлін айтып кету керек. Депуаттардың да, менің ойымша, жауапкершілігі бар. Бюджетті жоспарлау мәселесі, игеру мәселесі қалай болды. Ол мәселелер тыңдалды ма, тыңдалған жоқ па? Менің ойымша ол партияның құзіретінде болатын нәрсе.