Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Ресейден 450 мың тонна әуе отыны алынады

AstanaTV
25.01.2017ж. 20:00
2139
Ресейден 450 мың тонна әуе отыны алынады

Ресей Қазақстанға жіберілетін авиаотын көлемін арттырмақ. Осылайша, тапшылық импорт есебінен жабылады. Инвестициялар және даму министрлігі осындай мәлімет таратты. Энергетика министрлігі Ресей тарапымен келісіп, биылға 450 мың тонна әуе отынын алуды жоспарлап отыр. Қазір елде небәрі 241 мың тонна авиаотын шығарылады. Оның қаншасы қандай әуекомпанияға үлестірілетіні белгілі болды.

«Эйр Астана» - 49,9%; «СКАТ» - 15,8%; «Қазақ Эйр» - 2,1%; «Бек Эйр» - 3,4%. Осылайша әуе компаниялары керосиннің 71,2%-ына қол жеткізіп келген. Қалған 28,8 пайызы әуежайларға үлестіріледі. Алматы - 14,5 пайыз, Астана - 8,3 пайыз, өзге 14 әуежай - 6% пайызына қол жеткізеді. Азаматтық авиация субъектілерінің тапсырысына сәйкес, биыл авиациялық отын қажеттілігі 801 мың тоннаны құрап отыр. Өйткені биыл жолаушылар ағыны 5% өседі деген болжам бар.