Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Премьер-Министр Олжас Бектенов Астана контрреттегішінің жағдайын тексерді

08.04.2024ж. 20:00
253
Премьер-Министр Олжас Бектенов Астана контрреттегішінің жағдайын тексерді

Астана қаласын су басу қаупі жоқ. Жағдай ұдайы бақылауда. Премьер-Министр Олжас Бектенов су тасқыны жағдайын арнайы тексерді. Елорда арқылы тасқын суларды өткізуге және ықтимал су тасқынынан қорғауға арналған Астана контрреттегіште судың ағуы қазір секундына 30 текше метрді құрайды. Оның қабілетін арттыру жоспарлануда. Сонымен қатар Үкімет басшысы Майбалық көлі мен Вячеслав, Астана су қоймасының жағдайын бақылады.

Нұрлан АЛДАМЖАРОВ, ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Реттегішке негізінен су мынау Есіл өзені бойынша Астана су қоймасынан келеді. Бүгінгі таңда бұл суреттегіштен төмен қарай, қалаға қарай 30 кубтай су секундына ағызып жатырмыз. Тасып жатқан суды біз осы бүгін 40 кубқа дейін көбейтуді қазір жоспарлап отырмыз.