Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Мемлекет басшысы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевты қабылдады

AstanaTV
08.04.2024ж. 20:00
205
Мемлекет басшысы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевты қабылдады

Жыл соңына дейін еліміздің өңдеу өнеркәсібінде 18 мың жұмыс орны ашылады. Бұл туралы мемлекет басшысының қабылдауында болған Өнеркәсіп және құрылыс министрі мәлімдеді. Яғни көлемі 1,5 триллион теңге болатын инвестиция арқылы экономикалық өсімді 6 пайызға жеткізуді жоспарлап отырмыз дейді Қанат Шарлапаев. Сонымен қатар жалға берілетін 22 мың тұрғын үйдің құрылысына мемлекеттен 300 миллиардтан астам теңге бөлінген. Жалпы министрлік биыл 172 мың тұрғын үй салуды көздеп отыр. 

Қанат ШАРЛАПАЕВ, ҚР ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МИНИСТРІ:

Сондай-ақ тасқыннан зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша жұмысты бастап кеттік. Қысқа мерзімде зардап шеккен аудандарда тұрғын үйді қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдаймыз.