Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Бас банкир ақшаның 50 пайызын доллармен сақтауға кеңес берді

AstanaTV
03.03.2016ж. 20:00
1422
Бас банкир ақшаның 50 пайызын доллармен сақтауға кеңес берді

Еліміздің Бас банкирі ел жұртқа жиған терген ақшасын елу де елу есебімен сақтауға кеңес берді. Теңге бағамы күннен күнге нығайып келеді. Төл валюта тағдыры Ұлттық банктің құзіретінен тыс. Оған сыртқы факторлар, оның ішінде мұнай бағасы әсер етеді. Сондықтан, тәуекелге барудың қажеті жоқ, деді Ақышев. 

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банк төрағасы: 

Біз алдағы уақытта ұлттық валютамен ашылған депозиттің үлесі артады деп күтеміз. Теңгенің айырбас бағамы әлсіреуі де, нығаюы да мүмкін. Ұлттық банк азаматтарға жиған ақшаларын бөліп бөліп ұстауды ұсынады. 50 пайызын ұлттық, 50 пайзызы шет елдік валютамен. 


Ақышевтың айтуынша, ақпан айында АҚШ валютасының арзандауына, жаппай салықтық есеп тапсыру әсер етсе керек. Салық ұлттық валютамен төленеді. Сондықтан теңгеге сұраныс артқан. Жалпы ақпан айында Ұлттық банк 474 млн доллар сатып алған. Ол биржадағы сауда-саттықтың 20 пайызын құрайды. 


Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ 









Келесі жаңалық