Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Қазақстанда жаңа кәсіби мерекелер пайда болады

AstanaTV
08.04.2024ж. 18:01
247
Қазақстанда жаңа кәсіби мерекелер пайда болады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәсіби мерекелер тізіміне өзгерістер дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, тізім келесі мерекелермен толықтырылды:

Мемлекеттік қызметтерді көрсету қызметкерлері күні – 7 сәуір;

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлері күні – 16 сәуір;

Метрология қызметкерлерінің күні – 20 мамыр;

Ветеринарлар күні – 10 шілде;

Аңшылық қызметкерлерінің күні – қыркүйектің бірінші сенбісі;

Қазақстан Республикасының жоғары білім қызметкерлері күні – 1 қазан;

Стандарттау қызметкерлерінің күні – 14 қазан;

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет күні 18 қараша.

Құжат 22 сәуірге дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.