$458.57 €501.54 ₽5.57

Семейде түрмеге дәрумен атын жамылған психотроптық дәрі өткізбек болған әйел ұсталды

Семейде түрмеге дәрумен атын жамылған психотроптық дәрі өткізбек болған әйел ұсталды
Polisia

Абай облысында сотталған азаматқа психотроптық заттарды заңсыз жеткізу әрекетінің жолы кесілді. 35 жастағы әйел тыйым салынған таблеткаларды дәрумен ретінде көрсетіп, мекемеге алып кірмек болған, деп хабарлайды AstanaTV.

Polisia.kz мәліметінше, оқиға Семей қаласындағы Қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде болған. Тәртіп және жедел бөлім қызметкерлері дәрілік препараттар салынған сәлемдемені тексеру кезінде целлофанға оралған, дәрумен ретінде жасырылған күмәнді таблеткаларды анықтады.

Тексеру барысында Семей қаласының 35 жастағы тұрғыны мекемеде жазасын өтеп жатқан танысымен қысқа мерзімді кездесуге келгені белгілі болды. Әйелдің айтуынша, ол танысының өтініші бойынша психотроптық заттарды дәрумен түрінде жеткізбек болған.

– Қазіргі уақытта аталған азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, – деді жедел бөлім бастығы Ернар Ибраев.
 

Сараптама қорытындысы тәркіленген таблеткалардың Қазақстанда бақылауға жататын психотроптық заттар тізіміне кіретінін растады. Заңсыз заттың жалпы салмағы шамамен үш грамм болған.