Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Спорт саласы қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккендерге бір күндік еңбекақысын аударды

AstanaTV
08.04.2024ж. 23:55
224
Спорт саласы қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккендерге бір күндік еңбекақысын аударды

Спорт қауымдастығы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін біркүндік еңбекақыларын аударады.

ҚР Туризм және Спорт министрлігі хабарлағандай, аталған шараға көмек қолын созуға 5 олимпиадалық даярлау орталығы, 4 мектеп-интернет колледжі, 1 спорт колледжі, Спортты дамыту дирекциясы, Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы және басқа да салалық мекемелер су тасқынынан зардап шеккендерге көмекке біркүндік еңбекақыларын аударған.

«Еліміздің бірнеше өңірі су тасқынына тап болып, қазіргі таңда соның салдарымен күресіп жатыр. Жағдай ауыр, дегенмен бәрі Президенттің ұдайы бақылауында. Сонымен қатар спорт және туризм өкілдері де су тасқынынан зардап шеккендерге «Дала қырандары» жастар қоғамдық бірлестігімен бірлесіп гуманитарлық көмек көрсетеді», - делінген хабрламада.

Сонымен қатар Туризм және спорт министрлігі спорт ұйымдарымен, федерациялармен бірлесіп қарғын судан зардап шеккен аймақтарға көмек көрсетуді ұйымдастырып жатқанын атап өтті.

«Туризм және спорт министрлігі спорт ұйымдарымен, федерациялармен бірлесіп қарғын судан зардап шеккен аймақтарға көмек көрсетуді ұйымдастырып жатыр. Қазіргі таңда азаматтардың амандығы маңызды. Өйткені адам өмірінен асқан ешқандай құндылық жоқ. Мұндай қиын-қыстау кезеңде спорт қауымдастығы қарап қалмай, ерікті негізде қолдан келгенше көмек көрсетеді», - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық Олимпиада комитетінің вице-президенті, бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев еліміздегі су тасқынына қатысты пікір білдіріп, «Құрметті отандастар! Еліміздегі су тасқынынан зардап шеккендерге сөзбен емес, іс жүзінде көмек көрсетейік», - деп үндеу жасаған болатын.