Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Сауда министрлігі су басқан өңірлерде азық-түліктердің бағасы қалай реттелетінін айтты

AstanaTV
08.04.2024ж. 22:32
244
Сауда министрлігі су басқан өңірлерде азық-түліктердің бағасы қалай реттелетінін айтты

Сауда және интеграция министрлігінің ресми өкілі Әлия Әбдірахманова 8 сәуірде ОКҚ-да өткен брифинг барысында Қазақстандағы су тасқыны салдарынан қанша сауда нысаны зардап шеккенін және әлеуметтік азық-түлік өнімдерінің бағасы қалай реттелетінін айтты.

Ол Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сілтеме жасай отырып, барлық өңірлерде әлеуметтік азық-түлік бағасының нөлдік өсу пайызы тіркеліп отырғанын жеткізді.

"Министрлік су тасқынынан зардап шеккен 10 облыста азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету жағдайын тұрақты бақылауда ұстайды. Сауда нысандарында көшпелі ревизия жүргізілді, азық-түлік және ең қажетті тауарлар қорлары тексерілді. Алдын ала деректер бойынша су басқан өңірлерде 80 сауда нысаны зардап шекті. Павлодар облысында - бір, Қостанай облысында - 22, Ақтөбе облысында - тоғыз, Атырау облысында - 35, Батыс Қазақстан облысында - 13 нысан", - деді Әлия Әбдірахманова.