Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Құтқарушы-психологтар эвакуацияланған адамдарға көмектесуде

AstanaTV
09.04.2024ж. 08:47
227
Құтқарушы-психологтар эвакуацияланған адамдарға көмектесуде

Атырау облысының құтқарушылары су тасқынымен күресіп қана қоймай, тұрғындарға психологиялық көмек көрсетуде.

Әлеуметтік қызметкерлер мен психологтардан құралған топ соның ішінде Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінінің психологиялық қызмет тобы эвакуациялық пункттарды аралау жұмыстарын жүргізуде.

Психологтар су тасқынынан зардап шеккен Жылыой ауданы Құлсары қаласының тұрғындармен әңгімелесуде.

Бұл жағдайда психологиялық көмек адамдарға өз жағдайын жеткізуге көмектесу, оларды тыңдауға мүмкіндік беру және дер кезінде ақпараттық көмек көрсете білу үшін жүргізіледі.