Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Жалға берілетін тұрғын үйге өткен астаналықтардың тізімі жарияланды

AstanaTV
09.04.2024ж. 10:45
246
Жалға берілетін тұрғын үйге өткен астаналықтардың тізімі жарияланды

"Халықтың әлеуметтік осал топтары санаты үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй" бағдарламасының нәтижелері жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Тұрғын үй қоры" КММ ресми сайтының мәліметінше, 1 бөлмелі пәтер беруге үміткерлерді іріктеу кезекке қойылған күні бойынша жүргізілді.

Құрметті кезекте тұрғандар! zhilfond.kz сайты мен "Астана қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы" ММ www.gov.kz сайтында қалған 76 бір бөлмелі пәтер бойынша "Халықтың әлеуметтік осал топтары" санаттары үшін "сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй"бағдарламасының нәтижелері жарияланды. 1 бөлмелі пәтер беруге үміткерлерді іріктеу кезекке қойылған күні және отбасы құрамы бойынша жүзеге асырылды, - делінген хабарламада.

Бағдарлама бойынша өткен азаматтармен тұрғын үй орталығының қызметкерлері хабарласып, одан әрі іс-қимылдар туралы хабарлайды. Ведомство осы ретте алаяқтардан сақ болуға ескертті.

Назар аударыңыз! Алаяқтық жағдайларының жиілеуіне байланысты өте қырағы болуды сұраймыз. Тұрғын үй орталығының қызметкерлері телефон қоңырауларын шала отырып,ешқашан несиелерді, қарыздарды өтеуді және шотты бұғаттаудан шешуді сұрамайды, - деп атап өтті Тұрғын үй қорындағылар.

Айта кетейік, 1 бөлмелі пәтерге өткендердің тізімін көру үшін сілтемені басып, құжатты жүктеп алыңыз.