$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақтөбедегі рақымшылықпен босатылғандар жұмыссыз қалмайды

AstanaTV
25.01.2017ж. 20:00
2556
Ақтөбедегі рақымшылықпен босатылғандар жұмыссыз қалмайды

Биыл Ақтөбе облысында 122  адам рақымшылықпен түрмеден босатылады. Ендігі мәселе - оларды тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз ету. Қазірге дейін облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына 75 адамның тізімі түскен. Олардың төртеуі бостандыққа шығып үлгерген. Мамандар әрқайсысымен жүздесіп, түсіндіру жұмыстарын өткізген. Бірақ ешқайсысы әзірге екі қолға бір күрек сұрап келмепті. Жазасын өтеп келгендердің мамандығы болмаса, 6 айға дейінгі арнайы курстарда оқытылатын болады. Оған биыл 219 миллион теңге бөлінген.

Қайрат Отаров, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы:

Бүгінгі таңда бізде 269 жұмыс орындары бар. Егер бостандыққа шыққан адамдар ол жұмыстарға баратын болса, жұмысқа орналастыруға дайынбыз. Айлық көлемін жұмыс беруші бекітеді. Орташа 50 мың айналасында болады. 

Ж. КЕМАЛ