$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Апаттан зардап шеккендердің үйі қалпына келтіріледі

09.04.2024ж. 20:00
414
Апаттан зардап шеккендердің үйі қалпына келтіріледі

Табиғи апаттан зардап шеккендердің үйі қалпына келтіріледі. Ол үшін Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі кешенді іс-қимыл жоспарын әзірледі. Әзірге екі эскиздік жоба дайын. Біріншісі, 80 шаршы метрлік 3 бөлмелі жеке тұрғын үй болса, екіншісі - жалпы ауданы 160 шаршы метр болатын 2 пәтерлі баспана. Қазір эвакуацияланғандардың саны 90 мыңға жуықтады. Оның 7 мыңы уақытша орналастыру пункттеріне орналасқан.

Ерасыл САЙПАШ, ҚР ТЖМ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖӘНЕ ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕР КОМИТЕТІНІҢ АҒА ОФИЦЕРІ:

Авариялық-құтқару жұмыстарына 23 мыңнан астам адам және 2500-ге жуық бірлік техника, 448 су сору және 131 суда жүзу техникасы мен 6 әуе кемесі жұмылдырылды. Соңғы тәулікте жеке құрамның 525 адамы мен 100-ге жуық техникасы жұмылдырылған ТЖМ күштері мен құралдары Алматы қаласынан, Қарағанды, Павлодар және Ұлытау облысынан, сондай-ақ Астана қаласындағы Қорғаныс министрлігінің 58665 әскери бөлімі Солтүстік Қазақстан облысына жіберілді.