Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қостанайдағы Әбдірахмановтар отбасында қос қуаныш

10.04.2024ж. 20:00
108
Қостанайдағы Әбдірахмановтар отбасында қос қуаныш

Қостанайдағы Әбдірахмановтар әулетінде қос қуаныш болып жатыр. Шаңыраққа бірден үш бала келді.Отбасыға облыс басшылығы атынан үш бөлмелі пәтер берілді. Жалғас пен Ақшагүлдің үшемнен басқа 5 баласы бар. Тұңғышы 18 жаста, ең кішісі екіде.Көпбалалы отбасы осы уақытқа дейін бір бөлмелі баспана жалдап келген көрінеді. Қуаныш иелерін құттықтай келген қала басшылығы пәтер кілтін табыстап, нәрестелерге ұзақ ғұмыр тіледі. Айару, Ардан және Арлан есімді үш сәби сәуірдің екісі күні дүние есігін ашты.Денсаулығы жақсы, дейді дәрігерлер. Қостанайда соңғы 10 жылда 6 ана үшем дүниеге әкелген.

Ақшагүл ӘБДІРАХМАНОВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА:

Егіздер бар нағашылар жақтан.Жолдасымның нағашылары жағынан бар.Үшеу болған жоқ.Өте қуаныштымын.Осындай жақсылықтар бәріңізде болсын.Барлықтарыңызға жұғысты болсын.Айт қабыл болсын.