Петропавл маңайындағы ауыл тұрғындары жаппай эвакуацияланып жатыр.Бүгін облыс әкімі халыққа үндеу жариялады. Аймақ басшысының айтуынша, облыс орталығына тасқынның үлкен толқыны келе жатыр. Судың неше метрге көтерілетінін ешкім дөп басып айта алмайды.
Ғауез НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
Прибрежный, Тепличный, Заречный ауылдарына қауіп төніп тұр. Бұл елдімекендердің айналасында үлкен бөгет салынды. Бірақ бұл да тасқынға тосқауыл бола алмауы мүмкін. Сондықтан қауіп төнген үйлердің барлығын босатып, тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіріп жатырмыз. Біз үшін адамдардың амандығы бірінші орында тұр.