Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

"Құрылысты барынша тезірек жүргіземіз", - С Жұманғарин

10.04.2024ж. 20:00
153
"Құрылысты барынша тезірек жүргіземіз", - С Жұманғарин

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Ақтөбе облысы Қобда ауылындағы әлеуметтік мекемелерді аралап, ондағы тұрғындармен кездесті. Елдімекенде 25 үй толығымен қираған, 12-і баспана апатты жағдайда. Сондай-ақ, 279 үй мен 10 әкімшілік мекеме су астында қалды. Тасқын судан зардап шеккендер эвакуациялық пунктілерге орналастырылған.

Серік ЖҰМАНҒАРИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазір күн жылы емес. Ауырып қалуыңыз мүмкін. Құрылысты барынша тезірек жүргіземіз. Ол жағынан мәселе жоқ. Сіз жаңа үй алатын жандардың тізіміне кіресіз. Жер участкелері бөлінді. Ескі үйіңізден тек керек-жарақтарыңызды ғана аласыз. Ол үй бұзылады.