$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Су тасқынынан зардап шеккендер көмек алу үшін не істеу керек?

10.04.2024ж. 20:00
677
Су тасқынынан зардап шеккендер көмек алу үшін не істеу керек?

Қарғын судан зардап шеккендерге өтемақы төлеудің ережесі бекітілді.  Ол үшін бірінші әкімдікке барып 30 күн ішінде өтініш жазу қажет. Қолыңызда жеке басыңызды куәландыратын құжаттың көшірмесі болуы керек. Сондай-ақ табиғи апаттан залал көрген адам бүлінген мүлкінің тізбесін қоса беруі тиіс. Шағым түскен сәттен бастап шығынды жауаптылар 15 күннің ішінде анықтайды. Әкімдік бағалаушы қорытынды шығарғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның және облыстық маңызы бар қаланың бюджетін атқару жөніндегі уәкілетті органмен келісілген қаражат бөлу туралы шешім қабылдайды. Сарапшылардың жұмысы үйлер мен аула аумақтарынан су толығымен тартылғаннан кейін басталады. Сонымен қатар кедергі туындаса жергілікті атқарушы органдар өтініштерді қабылдау мерзімін ұзартады.