Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

51 шет мемлекетте 65 сайлау учаскесі құрылған

AstanaTV
09.03.2016ж. 20:00
1243
51 шет мемлекетте 65 сайлау учаскесі құрылған

51 шет мемлекетте 65 сайлау учаскесі құрылған. Шетте жүрген 14 мыңнан астам отандасымыз сонда келіп дауыс бере алады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен хабарлады. Сайлау учаскелері Қазақстанның ол елдердегі өкілдіктері жанында cыртқы істер министрліктерінің аумағында құрылған. Яғни сайлау учаскелерінде шетелде жұмыс істейтіндер мен ұзақ мерзімді іссапарда жүрген азаматтар және туристер дауыс бере алады. Айта кетерлігі, шетелдік учаскелерде азаматтар партиялық тізімдер бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттарын ғана сайлауға қатыса алады.

Ләззат Сүлеймен, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

25 сайлау учаскесі Азия елдерінде, 4 сайлау учаскесі Оңтүстік және Солтүстік Америкада,  1 учаске Африкада,  20 учаске Еуропада  және ТМД елдерінде 15 сайлау учаскесі құрылуда. 

Сонымен қатар Орталық сайлау комиссиясы халықаралық ұйымдар мен шетелдерден тағы 37 байқаушыны аккредиттеді. Бұл жайында комиссия мүшесі Марат Сәрсембаев мәлімдеді. 9-шы  наурыздағы жағдай бойынша орталық сайлау комиссиясы үш халықаралық ұйымның миссияларынан, екі халықаралық ұйымнан және 10 шет мемлекеттен барлығы 345 байқаушыны аккредиттеген. Айта кетерлігі, шетелдік және халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу 14-наурызға дейін жүреді.

Марат Сәрсембаев, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

Орталық сайлау комиссиясы жанында Тәуелсіз мемлекеттер достастығы байқаушылары миссиясынан 19 байқаушы, ШЫҰ миссиясынан - 8 байқаушы, Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясынан - 7 байқаушы және 3 байқаушы Украинадан.  Барлығы 37 байқаушы.

Еске салайық Қазақстанда Парламент мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар сайлауы 20 наурызда өтеді.Ал наурыздың 21 не Қазақстан халқы ассамблеясы өз арасынан Мәжіліске депутаттар сайлайды.  


Айгүл ӘДЕПБАЙ 

Келесі жаңалық