$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Шаршағаным басылып қалды». Димаш Құдайберген Құлсарыға халықты қолдауға барды

AstanaTV
11.04.2024ж. 10:56
729
«Шаршағаным басылып қалды». Димаш Құдайберген Құлсарыға халықты қолдауға барды

Димаш Құдайберген  Атырау облысындағы Құлсары қаласына барып, су тасқынына қарсы күресіп жүрген халыққа қолдау білдірді.

Әнші құтқарушыларға алғыс айтып, су тасқынының салдарымен күрескен азаматтармен фотосуретке түсті.  

"Димаш құрдасым келіп қалды. Сені көріп шаршағаным, белімнің ауырғаны басылып қалды. Саған Алла разы болсын", - дейді құлсарылық азамат.

Димаш оның арқасынан қағып, тілегін айтады.

"Ел аман, жұрт тыныш болсын. Бүкіл қайғылы күндер осымен кетсін. Болашағымыз жарқын болсын, үлкендеріміз аман болсын, кішкентайларымыз өсіп-өнсін", - дейді әнші.