Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Әскерилер тәулік бойы су тасқынына қарсы жұмыстарды жалғастыруда

AstanaTV
11.04.2024ж. 16:00
245
Әскерилер тәулік бойы су тасқынына қарсы жұмыстарды жалғастыруда

Қарулы күштер әскери бөлімінің жеке құрамы Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарына су тасқынына қарсы іс-шараларға көмек көрсетуде. Қаптарға құм толтырып, бөгеттер салып жатыр. 

27 наурыз бен 10 сәуір аралығында су тасқынына қарсы іс-шараларға 3208 әскери қызметші, 166 автомобиль техникасы, 17 тікұшақ және 4 әскери-көлік ұшағы жұмылдырылды. Су басқан аумақтан 2 359 тұрғын эвакуацияланды, 505 адам және 115 000 келіден астам гуманитарлық жүк тасымалданды, шамамен 246 500 қапшыққа құм толтырылып, төселді.