Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

"Пәтер құны – 200 мың еуро": Тәуекел Мүсілім Түркияға қоныс аудармақ

AstanaTV
11.04.2024ж. 22:49
373
"Пәтер құны – 200 мың еуро": Тәуекел Мүсілім Түркияға қоныс аудармақ

Танымал кино жұлдызы, актер Тәуекел Мүсілім отбасымен Түркия еліне қоныс аударатынын “Revue news” бағдарламасында айтып берді.

Өнер иесі ендігі шығармашылық жолын түрік елінде жалғастыратынын жасырмады.

“Сәуір айының соңында Түркияға барамыз. Пәтерімізді аламыз. Одан бөлек отбасымен демаламыз. Одан кейін Түркия елінде әрекет жасаймыз. Заттарды Алматыдағы үйге қалдырамыз. Ал Түркиядағы үйге жаңа дүниелер алып, жайғастырамыз. Шетелдегі үйді таза, құрылыс жұмысы толық аяқталған күйде береді. Біз тек жиһаздарды аламыз. Түркиядағы үйді 2-3 жыл бұрын алдық. Ол кезде баға басқаша болды. Қазір ол үйдің нарықтағы бағасы 200 мың еуроға жетеді. Біз соның жарты бағасына алдық. Ол жақта заң өзгеріп жатыр. Қазір үйдің бағасы 200 мың еуродан жоғары болса, тұрақты тұруға мүмкіндік береді. Ал біздің үйдің бағасы одан арзан болғандықтан, 90 күн боламыз. Сосын ары қарай тағы да ұзартамыз. Рұқсат бермесе, қайта елге келеміз немесе басқа елге барамыз", – деді актер.

Айта кетейік, өнер иесі Түркияға көлікпен баратынын айтқан еді. Жолда бірнеше қалаға саяхаттап, контент жасау жоспарын да бөліскен еді.

 “Жоспарыңды айтсаң орындалмай қалады деген сөзге сенемін. Бірақ шет жағасын айтайын. Биыл біздің отбасы үшін саяхат жылы болмақ. Көлігімізбен әлемді аралаймыз. Осыдан екі жыл бұрын Түркиядан пәтер сатып алған едік. Соның құрылыс жұмыстары жазда аяқталады. Соған орай көлікпен Түркияға баруды жоспарлап отырмыз. Жалпы отбасылық саяхатты көбірек насихаттағымыз келеді. Youtube арнамызды ашып, көлікпен саяхаттаудың артықшылығы мен кемшілігін көрсеткіміз келеді. Контентің жақсы қаралым жинаса, табыс та түседі. Сондықтан осы істі қолға алып жатырмыз”, – деген еді актер.