$447.14 €499.54 ₽5.46

9 қарашаға арналған ауа райы болжамы

9 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Фото: ЖИ

9 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, жел күшейеді. Түнде және таңертең тұман түсіп, батыс пен солтүстік өңірлерде көктайғақ болуы мүмкін, деп хабарлайды Astana TV.

Астанада күн ала бұлттанып, мезгіл-мезгіл жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +4…+6, күндіз +9…+11 градус болады. Солтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы секундына 9–14 метрге, екпіні 15–20 метрге жетеді.

Алматыда жауын-шашын болмайды, күн ала бұлтты болады. Түнде +10…+12, күндіз +20…+22 градус жылы күтіледі. Оңтүстік-батыстан секундына 3–8 метр жылдамдықпен жел соғады.

Шымкентте таңертең және күндіз өткінші жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +13…+15, күндіз +18…+20 градус болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8–13 метр, күндіз екпіні 15–20 метрге жетеді.

Елдің батысы мен солтүстік-батысында кей жерлерде жаңбыр аралас қар қатты жауады, ал оңтүстікте күндіз нөсер жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-шығыста негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тұман мен көктайғақ жолдағы қозғалысты қиындатуы мүмкін.