$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Су тасқынына қарсы шараларға спортшылар да атсалысуда

12.04.2024ж. 20:00
255
Су тасқынына қарсы  шараларға спортшылар да атсалысуда

Су тасқынына қарсы шараларға спортшылар да атсалысуда. 7700-ден астам сала маманы мен спортшы ерікті ретінде бөгеттерді нығайтуға үлес қосып жатыр. 5 облыста 13 спорт нысаны су астында қалған. Қысқа мерзімде аталған спорт кешендерін қалпына келтіру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, 32 федерация материалдық, 6 федерация қаржылай қолдау білдірді. Бұл жұмыстарды жүйелі жүргізу үшін туризм және спорт министрлігі мен «Дала қырандары» жастар бірлестігі өзара келісім жасап, меморандумға қол қойды. Министрлік жанындағы кездесу барысында бүгінге дейін атқарылған жұмыстар талқыланып, алдағы жоспар бекітілді. Министр Ермек Маржықбаев барынша жанашырлық танытып, еріктілер қатарына қосылған сала мамандарына алғыс айтты.