Спорт Қазақстан
$443.72 €482.28 ₽4.9
×

Халық қаһарманы, ғарышкер Айдын Айымбетовпен кездесу өтті

AstanaTV
12.04.2024ж. 20:00
113
Халық қаһарманы, ғарышкер Айдын Айымбетовпен кездесу өтті

Бүгін - ғарышкерлер күні. Осыған орай Ұлттық қорғаныс университетінде ғарышкер, халық қаһарманы Айдын Айымбетовпен кездесу өтті. Жиынға келгендер қазақтан шыққан үшінші ғарышкердің өмір жолымен танысты. Аспан әлемін бағындырған отандасымыз ғарыш саласының мамандарын кәсіби мерекемен құттықтап, ақыл-кеңесімен бөлісті.

Айдын АЙЫМБЕТОВ, ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ, ҒАРЫШКЕР:

Баршаңызды адамзаттың алғаш аспан әлеміне аттанған күнімен құттықтаймын! Осындай күнде әріптестерімнің қатарында болғаныма қуаныштымын. Шын мәнінде бұл күн - адам баласының жаңа өркениетке қадам басқан күні ретінде мәңгі есте қалады.

Әлішер ҚАБЫЛДИЕВ, МАГИСТРАНТ:

Бүгінгі іс-шара өте әсерлі, болашақта біз рухымыз көтеріліп, болашақта біз де генерал боламыз. Отанға адал қызмет етуді қалаймыз.