Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Ғалымдардың өнертабысы нәтижесін беріп жатыр

AstanaTV
12.04.2024ж. 20:00
117
Ғалымдардың өнертабысы нәтижесін беріп жатыр

Қазір елімізде 23 мыңға жуық ғалым бар. Олардың өнертабысы сан қырлы салаларға бағытталған. Әсіресе медицина саласында өнертапқыштар аз емес. Іске асқан бірқатар жемісті жобамен тілшіміз танысты.

Дос Сарбасов қатерлі ісікке қарсы дәрі ойлап тапты. Оған 10 жылға жуық уақыты кеткен. Препаратты аты жаман ауруға шалдыққан 15 науқас қабылдады. Биотехнолог клиникалық сынақ оң нәтиже көрсеткенін айтады.

Дос САРБАСОВ, НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ ЖАНЫНДАҒЫ «NATIONAL LABORATORY ASTANA» ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Біз жұмысты әрі қарай жалғастырамыз. Үкімет бұл дәрінің аппаратын дамытуда бізге зор қолдау көрсетіп отыр. Нәтижесінде Алматыда дәрі өндірісі жалғасады. Біз клиникалық сынақтарды жүргізуді жалғастырамыз, оның барысында емделу кезінде максималды әсер алу үшін препараттың ең жоғары төзімді дозасына шығу керек.

Әлемде шамамен жарты миллиард адам қант диабетіне шалдыққан. Бұл 2050 жылға қарай 1,5 миллиардқа жетеді деген болжам бар. Ал Қазақстанда 400 мыңнан астам адам осы дертпен күресіп жүр. Қант диабеті асқынуынан науқастардың 90 проценті «диабеттік рентинопатияға» шалдығады. Салдарынан көр соқыр болады. Еркебұлан Жәнібекұлының командасы бұл патологияны қашықтан-ақ диагностикалайтын ақпараттық бағдарлама әзірлеген. Бірегей жүйе көздің түбін суретке түсіру арқылы 3 минутта 90 проценттік дәлдікпен скрининг жасайды.

Еркебұлан ЖӘНІБЕКҰЛЫ, IT МАМАНЫ:

Бұл модульдің жұмысы көздің түбінің фотосынан диабеттік ретинопатияның бар болуын анықтау және қандай стадияда екенін анықтау. Көз түбінің анықтамасын жасап, дәрігерге алдын-ала қорытындыны ұсыну. Ал дәрігер ол қорытындыны өзгеріс енгізу арқылы не өзгеріссіз қабылдай алады. Сол арқылы біз скрининг процесінің уақытын азайттық.

Аға оқытушы Дастан Әубәкіров байыту фабрикаларында «кенді ұнтақтайтын шойын шарлардың үйкеліске төзімділігін арттыратын» жаңа технологияны ғылымға жаңалық етіп әкелді. Еңбек жолын Қарағанды құю зауытында инженер- технолог ретінде бастаған ғалымның айтуынша бұл өндірісте үлкен проблема болатын. Сондықтан университетке жұмысқа тұрғанда докторлық диссертациясының басты тақырыбы металдың сапасын арттыру болды. Жоба көздеген мақсатқа жеткізді. Ол Ойлап тапқан әдіс-тәсілдер жергілікті зауыттарда кеңінен қолданылып жатыр.

Дастан ӘУБӘКІРОВ, PhD, Ә.САҒЫНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ:

«Жұмыстың нәтижесінде шойынның құрамы және физика- механикалық қасиеттерін және эксплуатациялық қасиеттерін арттыруға бірталай шешімдер табылды. Ол жаңағы шойынды микролеверлеу және модификациялау арқылы. Мысалы ол ғылыми жаңалықтар болды біздің тапқан өндіруге арналған бір технологиялар аштық»

Мемлекет басшысы өнеркәсіп үшін маман даярлау - маңызды мәселе деді. Сол үшін де ғылым және жоғары білім министрлігіне инженерлік-техникалық кадрларды даярлаудың ұлттық моделін әзірлеуді тапсырды.