Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Мемлекет басшысы Грузия Парламентінің төрағасы Шалва Папуашвилиді қабылдады

12.04.2024ж. 20:00
125
Мемлекет басшысы Грузия Парламентінің төрағасы Шалва Папуашвилиді қабылдады

Мемлекет басшысы Грузия Парламентінің төрағасы Шалва Папуашвилиді қабылдады. Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев парламентаралық диалогтың мемлекетаралық қатынастарды нығайтуда маңызды рөл атқаратынына тоқталды. Бас қосуда екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға баса назар аударылды. Қасым-Жомарт Тоқаев орайлы сәтті пайдалана отырып, футболдан ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатының ақтық кезеңіне шыққан достас Грузия халқын құттықтап, сәттілік тіледі. Өз кезегінде Шалва Папуашвили құрмет көрсеткені үшін Мемлекет басшысы мен Қазақстан халқына алғыс айтты. Ол Грузияның Қазақстанмен арадағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға бейілді екенін растады. Оның айтуынша, Тбилиси Астанамен жан-жақты байланыстарды, соның ішінде көлік-логистика саласындағы ықпалдастықты тереңдетуге ниетті. Бұл ретте Грузия Парламентінің спикері Мемлекет басшысының Транскаспий халықаралық көлік бағытын бірлесіп дамыту туралы бастамасын қолдады.