Үкімет су тасқынынан зардап шеккен Арқалық тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету үшін 405 млн теңге бөлді. Қаражат 2024 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Үкіметтің төтенше резервінен қаралған. Ақша үйлері қалпына келмейтін отбасыларға тұрғын үй сатып алу үшін нысаналы трансферттер түрінде Қостанай облысының әкімдігіне жіберілді. Сонымен бірге басқа да елдімекендерде үйлерді тексеру жұмыстары жалғасуда. Айта кету керек, бүгінде Қостанай облысында үлкен судың қарқыны бәсеңдеп, қауіптің беті қайта бастады.