$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Су тасқыны кезінде жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады

12.04.2024ж. 20:00
387
Су тасқыны кезінде жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады

Су тасқыны кезінде жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев әсіресе, әлеуметтік желілерде таралып жатқан жалған ақпараттар қоғам ішінде дүрбелең тудыратынын ескертті. Ол өз кезегінде табиғи апатпен күресті қиындатады.

Қанат БОЗЫМБАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жалған хабарламалардың немесе Төтенше жағдаймен күрес жөніндегі штабтардың жалған аккаунттарының барлық авторларына бұл ақпаратты жариялаудағы жауапкершілік туралы ескерткім келеді. «Онлайн платформалар және онлайн жарнама туралы» заң бар, оған сәйкес пайдаланушылар орналастырылған және таратылатын мазмұнның дұрыстығын тексеруге, жалған ақпаратты таратпауға, сондай-ақ мұндай ақпаратты және кез келген заңсыз мазмұнды жоюға міндетті.