Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Роман Скляр «KEGOC» АҚ-ға апаттық бригадаларды жұмылдыруды тапсырды

12.04.2024ж. 20:00
208
Роман Скляр «KEGOC» АҚ-ға апаттық бригадаларды жұмылдыруды тапсырды

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар аудандарындағы су тасқыны жағдайын әуеден бақылады. Ол Сергеевка, Тимирязево және Степное ауылдарындағы бөгеттер мен үйінділерді нығайту жұмыстарының дайындығын тексерді. Ауыл тұрғындарымен кездесіп, жергілікті атқамінерлердің есебін тыңдады. Су тасқыны кезеңінде өңірді тұрақты энергиямен қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Сондықтан «KEGOC» акционерлік қоғамына апаттық бригадаларды жұмылдыруды жүктеді. Бұдан бөлек Роман Скляр су тасқыны қаупі бар аймақтардағы су деңгейін бақылап отыру үшін технологиялық мүмкіндіктерді кеңінен пайдалануды тапсырды.