Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Жаңа футбол маусымы қарсаңында «Қайрат» командасы жанкүйерлермен кездесті

AstanaTV
03.03.2016ж. 20:00
2047
Жаңа футбол маусымы қарсаңында «Қайрат» командасы жанкүйерлермен кездесті

Алматылық «Қайрат» футбол клубы қатарына жаңа ойыншылар алды. Жақында үш футболшымен келісім жасалған. Ал Аршавин клубқа өте ме? Футбол маусымы қарсаңында бүгін «Қайрат» клубы алдағы жоспарларымен бөлісті. Алматылық клуб биыл да чемпиондық атақ үшін талас жүргізеді. Сондай-ақ, Еуропа лигасында ойнау құқығына ие болған «Қайрат» футболшылары топтық кезеңге шығу үшін барын салуды көздеп отыр. Команданың тізгінін ресейлік маман Александр Барадюк алғаны белгілі. Жаңа ойыншыларға келсек, қақпашы Андрей Сидельников, қорғаушы Лукаш Тесак және жартылай қорғаушы Ян Вороговскимен келісім-шарт жасалды. Ал соңғы уақытта ақпарат көздерінің алдын бермей жүрген Андрей Аршавиннің мәселесі әлі шешілмепті.

Қайрат Боранбаев, «Қайрат» футбол клубы бақылау кеңесінің төрағасы:

Келіссөздер әлі жүріп жатыр. Біздің 3-ші сәуірге дейін уақытымыз бар. Осы уақыт аралығында ортақ келісімге келуіміз де, келмеуіміз де мүмкін.

Футзалдан «Еременко кубогында» сынға түсіп жатқан Алматының «Қайрат» командасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Тұсау кесер ойында «Түмен» клубын қабылдаған Какаудың шәкірттері 9:5 есебімен жеңіске жетті.

Какау,  «Қайрат» клубының бас бапкері:

Қарсыластырдың барлығы мықты. «Түмен» - фаворит, «Синара» - өткен жылғы жеңімпаз. «Астана-Тұлпар» ел чемпионатындағы басты қарсыласымыз. Сондықтан кездесулер тартысты өтеді.

Келесі кездесуін «Қайрат» командасы Ресейдің «Норильский Никель» клубына қарсы өткізеді. Бұл ойын дәл қазір Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтіп жатыр.

Самат ҚАНАҒАТОВ