Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Хами қаласын құмды дауыл басып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Сhina.huanqiu басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Желіде жарияланған видеодан, сары-қоңыр құмның аспанды түгелдей жауып қалғанын байқауға болады. Оқиға 12 сәуір күні сағат 17:25-те болған.
Хами қаласындағы Ұйғыр округі мен Барикун округінде желдің екпіні 12 баллға дейін жетті. Ал айналаның көріну деңгейі нөлмен бағаланды. Сонымен бірге аспан қою қызыл түске боялды.
Уйгуан уезінің Янчжи қаласында жолдың көріну мүмкіндігі 10 метрге дейін төмендеп, көлік қозғалысын қиындатып, жүргізушілерге үлкен кедергілер туғызды.
Жергілікті ауа райы қызметтері Хамидегі желді, құмды ауа райы ауылшаруашылық өндірісіне де кері әсер еткенін хабарлады. Құтқарушылар қауіпсіздік мақсатында көліктер жол жүру кезінде жылдамдығын азайтып, аса сақ болу керектігін ескертті.