$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ақмола облысының Астрахан ауданында төтенше жағдай жарияланды

AstanaTV
13.04.2024ж. 17:30
477
Ақмола облысының Астрахан ауданында төтенше жағдай жарияланды

Ақмола облысының Астрахан ауданында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

«Құрметті Астрахан ауданының тұрғындары! Колутон, Аршалы және Боқсық өзендердегі судың деңгейі күрт көтерілуіне және ауылдардағы үйлерді су басуына байланысты Астрахан ауданының аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Жергілікті атқарушы органдар, құқық қорғау органдары және ТЖБ органдары тарапынан су басқан аумақтардан халықты, мал мен мүлікті эвакуациялау бойынша жұмыстар ұйымдастырылды. №6 агротехникалық колледжде, Старый Колутон орта мектебінде, сондай-ақ, №3 Жалтыр орта мектебіне эвакуацияланған тұрғындар орналастырылды. Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға келтірілген залал комиссия тексергеннен кейін өтелетін болады», - делінген аудан әкімі Талғат Ерсейітовтың үндеуінде.

Әкімнің айтуынша, қазіргі кезде, аудан әкімдігі жанынан су тасқынына қарсы штаб ұйымдастырылып, жұмыс істеуде. Су тасқынына байланысты кез келген ақпаратты 5-11-01 телефон нөмірі арқылы білуге болады.