$453.93 €508.72 ₽5.35

Құтқарушылар үш жасар баланың саусағын босатты

Құтқарушылар үш жасар баланың саусағын босатты
ТЖМ

Бүгін Шымкент қаласында ойын кезінде үш жасар бала саусағы өзінің дәретке отыратын ыдысына қысып алғандығы туралы құтқарушыларға хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Astana TV.

Оқиға орнына келген құтқарушылар баланың саусағын абайсызда тесікке тығып алып, өздігінен шығара алмай жатқандығын анықтады.

Құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен пластмас ыдысты кесіп, баланың саусағын босатты.

Балаға медициналық көмек қажет болмады.