Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Тұрғын үйлерді қалпына келтіру үшін жедел топтар құрылды

AstanaTV
15.04.2024ж. 13:12
268
Тұрғын үйлерді қалпына келтіру үшін жедел топтар құрылды

Су басқан үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстарымен айналысатын үш жедел топ құрылды. Оның жұмысы туралы министрліктің ресми өкілі Меруерт Ибраева брифингте айтты. 

«Мемлекет басшысының 12 сәуірдегі су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны салдарын жою жөніндегі республикалық штаб отырысында берген тапсырмасын орындау шеңберінде Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тұрғын үйді, әлеуметтік инфрақұрылымды, коммуналдық шаруашылық объектілерін қалпына келтіру жөніндегі барлық жұмысты жергілікті жерлерде үйлестіру үшін 3 жедел топ құрды», - деді Меруерт Ибраева.

Ресми өкілдің мәлімдеуінше, жедел топтың құрамына Ауыл шаруашылығы, Көлік, Денсаулық сақтау, Су ресурстары, Төтенше жағдайлар, Экология, Ғылым және жоғары білім вице-министрлері, сондай-ақ Үкімет аппаратының аймақтық инспекторлары кірген.